• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Жақыпов: Қазақстан мен Иордания парламентінің ынтымақтастығы арта түспек 23.06.2014

Тараптардың пікірінше екі ел басшыларының тұрақты кездесулері қос ел ықпалдастығының дамуына серпін беріп, бүгінгі күні өзара достық және берік әріптестік орнаған. 

Мәжіліс Спикері Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде аталған мемлекет рөлін жоғары бағалай келіп, Иорданияның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жолындағы жетістіктеріне тоқталды.

 «Осы ретте иорданиялық тараптың ядролық қаруды таратпауға қатысты қазақстандық бастамаларға көрсетіп жатқан қолдауын өте жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ, Иордания Королі Абдалла II-нің Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жолындағы идеясын қолдаймыз» - деді Қабиболла Жақыпов.

Абдур-Рауф Рауабде өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының нәтижесінде қол жеткізілген біздің еліміз дамуына жоғары баға берді. Сондай-ақ, Спикер Орталық-Азия аймағындағы Қазақстанның маңызды рөліне тоқталды. 

Одан әрі Қ. Жақыпов өз әріптесін 2014-2015 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлауда Иордания мемлекетінің жеңіске жетуімен құттықтап, жаңа табыстар тіледі.  

Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Иордания - Қазақстанның Таяу Шығыстағы жақын одақтастарының бірі. Сондықтан, біздің еліміз алдағы уақытта да екіжақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ, парламентаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті.  

«Біз иорданиялық әріптестерімізбен бейінді комитеттер деңгейінде ықпалдасуға дайынбыз. Және біздің парламенттеріміз арасында ынтымақтастық жөніндегі топ құру да маңызды болып табылады»,- деді Қ. Жақыпов. 

 


Back to the list