20.06.2014
Түркі кеңесіне мүше елдерінің экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия елдері кездесу барысында талқыламақ.
Қазақстан жағынан өкілдік топты ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов басқарады, деп ведомствода хабарлады.
Түркі кеңесі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Нахчыванда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия президенттерінің және Түрікменстанның министрлер кабинетінің Төрағасының орынбасарының қатысуымен өткен Түркітілдес елдері Басшыларының 9-шы Саммиті барысында 2009 жылы 3 қазандағы Келісімшартқа қол қойылған құрылды.