19.06.2014
Шараға сыртқы істер, уақыфтар, туризм, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет министрліктерінің, Араб мемлекеттері лигасының, МАР шолушылары мен ғылыми топтарының, соның ішінде Сыртқы істер жөніндегі мысырлық кеңестің, «Әл-Гумхурия» саяси және қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының және т.б. өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Еліміздің Мысырдағы Елшісі Берік Арын ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік алғаннан кейін біздің мемлекетіміздің қол жеткізген негізгі жетістіктерін атап өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айн-Шамс университеті Өнер факультетінің түрколог профессоры А.Әл-Катори «Уақыт қойнауындағы Қазақстан тарихы және Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи байланыстар» тақырыбына; жазушы, Азияны зертеуші А.Тарабик «Бүгінгі Қазақстан тарихындағы Бірінші Президент Н.Назарбаевтың феномені» тақырыбына; Айн-Шамс университеті жанындағы Таяу Шығысты зерттеулер орталығының директоры Г.Шакра «Қазақстан-2050» Стратегиясы» тақырыбына; «Азат мысырлықтар» партиясының Энергетика істері жөніндегі комитетінің төрағасы Г.Әл-Гор «Еуроазиялық экономикалық одақ» тақырыбына баяндамалар жасады.
Шараға қатысушылар Қазақстан туралы алға тартылған ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты және тақырыптарын барынша ашып көрсете білген баяндамалардың мазмұндылығы мен танымдылығын ерекше атап өтті. Тыңдаушылардың айтулары бойынша, олар Қазақстанның тарихы және оның бүгінгі таңдағы даму кезеңдері, Президент Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен қол жеткізген зор жетістіктері, сондай-ақ қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастықты толғандырған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, АӨСШК, Еуразиялық медиа-форум, Астана экономикалық форумы, «G-Global», «ЭКСПО-2017» және т.б. осы секілді еліміздің халықаралық бастамалары туралы толық мағлұмат алды.