• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
А. Дауылбаев АҚШ Президентінің арнайы көмекшісімен кездесті 17.06.2014

Бас прокуратурада хабарлағандай, кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық, соның ішінде қылмыстық құқық саласындағы шарттық база мен құқықтық көмекті ұлғайту және нығайту жөніндегі біршама мәселелер талқыға салынды.

Тараптар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, наркоқылмыстар, киберқылмыстарға және қару-жарақ саудасы аясындағы ықпалдастықтың ары қарайғы бағыттары туралы пікір алмасты.

А.Дауылбаев екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастық жағымды түрде жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанның Бас прокуратурасы американдық құзыретті органдармен өзаралық қағидаты негізінде қылмыспен күрес саласында, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мен қылмыскерлерді ұстап беруде белсенді жұмыс атқаруда.

Әңгімелесушілер халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи геосаяси мақсаттар аясында қазіргі заман проблемаларына төтеп беруде күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығы арта түскенін баса айтып, ары қарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

 


Back to the list