• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АӨСШК кеңесті дамыту тарихында айтарлықтай деңгейге көтерілді – Е.Ашықбаев 16.06.2014

«Биылғы жылдың мамыр айында Саммитке 47 мемлекет пен халықаралық ұйымдар қатысты. Осылайша аталмыш саммит кеңесті дамыту тарихында айтарлықтай деңгейге көтеріліп отыр. Саммит жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас хатшысы қатысты. Сонымен қатар, шараға жаңадан енген екі мүше Катар мен Бангладеш те атсалысты. Осылайша Кеңес қатысушыларының саны 26 мемлекетті құрап, оған қоса 6 мемлекет пен 4 халықаралық ұым бақылаушы деңгейінде отыр», - дейді ол.

Ашықбаевтың айтуынша, Саммит аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, ұйым қызметінің техникалық тұрғыдағы ұйымдастыруын нақтылайтын АӨСШК процедурасының жаңа ережелері енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 мамырда Шанхайда Азиядағы өзара сенім және шаралары кеңесі (АӨСШК) саммиті өз жұмысын бастаған болатын. Биылғы саммиттің күн тәртібіндегі мәселе – «Диалог, сенім мен ынтымақтастықты нығайту, бірлесе отырып бейбір, тұрақты және өзара ынтымақтастықты жаңа Азияны құру». 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list