• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық туризм  таныстырылымы жүлдеге ие болды 16.06.2014

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің стенді биылғы жылдың 12-15 маусым аралығында Гонконгта өтіп жатқан International Travel Expo 2014 халықаралық туристік көрмесінде «Үздік таныстырылым мен стенд жұмысы» номинациясы бойынша сыйлық алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Көрмеде Еуропа мен Азияның үздік туристік операторлары өз бағдарламаларын ұсынып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақ үй-мейрамхана  бизнес өкілдері өз қызметтері жайлы мәліметтермен бөлісіп, IT компаниялары туризм индустриясындағы телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жаңалықтарды таныстырды.

Көрмеде қазақстандық делегация конференция, семинарлар, сессиялар мен мәдени шараларға қатысты. «Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін жылды Қазақстандағы Қытай туризмі жылы етіп жариялады. Бүгінде әлем үшін Қытай туристік нарығы үлкен сұранысқа ие болып отыр. 2013 жылы Қытайдың 96 млн турисі шетелге шығып, 120 млн доллардай қаражат жұмсаған», - дейді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиев. 


Back to the list