14.06.2014
ЮНЕСКО халықаралық сарапшылары Қазақстан Үкіметінің, МАБ Ұлттық комитетінің және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының аталған номинацияларды пысықтаудағы күш-жігерін өте жоғары бағалады.
Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 ЮНЕСКО биосфералық резерваты жүзеге асырылуда. Қорғалжын және Алакөл номинациялары 2012-2013 жж. ЮНЕСКО биосфералық резерваттары мәртебесін алды.
Сессия жұмысы барысында МАБ Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы Р.В. Ященко МАБ ЮНЕСКО вице-президенті болып сайланды, бұл өз кезегінде ЮНЕСКО жүйесіндегі Қазақстанның белсенді рөлін куәландырады, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.