14.06.2014
Сапар барысында Қазақстан Елшілігі Шығыс және Орталық Европа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Ассоциациясымен бірлесіп 60-ден астам неміс іскерлік және ғылыми топтарының өкілдері үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің қызметімен таныстырды, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің экономикалық ынтымақтастық Ассоциациясының Төрағасы Маркус Фельзнердің айтуынша, Қазақстандағы қолайлы табиғат пен климат ауыл шаруашылығы мәдениетін әрі ауыл шаруашылығы мен агроөндірістік өнім өндіруге, сонымен қатар шетелдік инвестицияларды тартуға неміс топтарын қызықтырады.