• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс Төрағасы Әзербайжан Президентімен кездесті 13.06.2014

Кездесу иелері аймақтық және халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелер турасында пікір алмасты.

Мәжіліс Төрағасы «Туризм саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Бодрумда өткен түркілік кеңестің 4-Саммитінің қорытындысы аталған маңызды саланы дамытуға серпін беретінін жеткізді.

Жүздесуде түркі елдерінің іс-қимыл бірлестігіне де айрықша назар аударылды. Осы ретте қос тарап түріктік бірлікті нығайту мен жақындастыруда ТүркПА-ның салмақты үнқатысу алаңына айналғанын атап өтті.

Қабиболла Жақыпов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылған ТүркПА қызметінің түркітілдес елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететінін тілге тиек етті. 

Ильхам Әлиев пен Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, мұнай және газ тасымалдау бойынша бірлескен жобалар аясында инвестициялық саланы, ауылшаруашылығын, көлік және коммуникацияны дамыту екі ел арасындағы ықпалдастықты  күшейтудің басым бағыттары болып саналады.   


Back to the list