13.06.2014
Тараптар туризм саласында ынтымақтастық құру мен инвестиция тартуға қызығушылықтарын білдірді. 2005-2013 жылдары аралығында Малайзиядан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестиция ағымының көлемі 4,7 млн долларды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Кездесуде мемлекеттік-жеке меншік негізінде инфрақұрылымдық жобалар мен ЭКСПО-2017 қарсаңында әлемдік деңгейдегі ірі қонақ үй кешендері мен әлеуметтік нысандар құрылысы жобаларын бірлесе іске асыру мүмкіндіктері қаралды», - дейді Марат Иғалиев.