13.06.2014
СЕНЭЛЕК президенті Торе Торндволд атап өткендей, Қазақстан СЕНЭЛЕК толық құқылы серіктес-орган мәртебесін алған бірінші, ал СЕН толық құқылы серіктес-орган мәртебесін алған төртінші мемлекет.
ҚР ИЖТМ Техниникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешов Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде аталмыш саладағы ынтымақтастығымыз нәжижелі болатынына сенім білдірді, деп ҚР ИЖТМ хабарлады.
Сонымен, еуропалық стандарттардың базасына қолжетімділік отандық тауар өндірушілерге еуропалық техникалық стандартқа тез бейімделуге және инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Оның үстіне бұл серіктестік отандық өндіріс өкілдеріне СЕН-СЕНЭЛЕК техникалық реттеу комитетінің жұмысына қатысуға және еурапалық стандарттарды жасақтауға атсалысуға мүмкіндік береді.