• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО мен Орынбор облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 12.06.2014

ҰКП-ның хабарлауынша, келісімге қол қойылғаннан кейін Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Орынбор облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы басшылары ынтымақтастық жүйелі сипат алып, БҚО мен Орынбор облыстарының шаруашылық субъектілері мен өндірістік кәсіпкерліктерінің байланыстары нығая түстенін айтты.

«Аталмыш келісімді іске асыру бойынша шаралар жоспары дайындалып, онда міндетті түрде өңірлік мамандану, инвестициялық мүмкіндіктер, облыстардың экспорттық әлеуеті ескеріледі. Өйткені бұл қасиеттер халықаралық ынтымақтастыққа қосымша серпін беретіні анық», - дейді БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары нұрлан Қайыршин.

Айта кету керек, форум жұмысы БҚО мен Орынбор облыстарының кәсіпкерлерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылық саласындағы шекаралық ынтымақтастық», «Мемлекттік сатып алуға шағын және орта кәсіпкерліктердің қатысуы» мен «баламалы қуат көздері» тақырыптарындағы дөңгелек үстел ретінде жалғасын тапты. 


Back to the list