11.06.2014
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырыовтың Францияға ресми сапары басталды. Оның шеңберінде ол өзінің француз әріптесі Лоран Фабиуспен, көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Франция Президентінің Кеңесшісі Жак Одибермен, сондай-ақ қазақстандық-француз іскер кеңесінің тең Төрағасы, «Тotal Upstream» компаниясының Президенті Ив-Луи Даррикаррермен кездесулер өткізді.
«2013 жылдың қорытындысы бойынша, Франция – тауар айналымы 6 млрд. доллардан асып жетекші сауда әріптестер қатарында бесінші орынға ие болды. Қазақстандық экономикаға тікелей инвестициялар көлемі бойынша Франция төртінші орында – ынтымақтастық жылдар бойы бұл көрсеткіш 10 млрд. АҚШ долларын құрады», – деп белгіледі ҚР СІМ басшысы.
Сұхбаттасушылар әуе космосы саласындағы әріптестік, «Еврокоптер» тікұшақтарын өндіру, атом энергетикасындағы ынтымақтастық, машина жасау саласындағы әріптестік және т.б. осы сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықтарын одан әрі дамытуға ниеттерін білдірді.
Екі министр келіссөздерінің басты тақырыбы осы жылдың соңында Франция Президенті Ф.Олландтың Қазақстанға сапарына дайындық болды. Е.Ыдырысов аталған сапар Қазақстан мен Франция арасындағы, ең алдымен, экономикалық бағыттағы бірлескен әрекеттердің өрісін кеңейтетін жаңа өзара тиімді келісімдердің жетістігімен есте қалуы керектігін атап өтті, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.