11.06.2014
Тараптар белсенді саяси диалог пен Канаданың Қазақстанмен сауда-экономикалық әріптестігінің сәтті дамуын құптады, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Соңғы екі жыл ішінде Канаданың Федералды Үкіметінің төрт мүшесі Қазақстанда сапармен болса, өз кезегінде, ҚР Үкіметінің бес мүшесі, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Бас прокурор мен басқа жоғары лауазымды тұлғалар Канадада сапармен болып қайтты.
Қазақстан ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа мемлекеттері ішінен Канаданың ең басты сауда әріптесі болып табылса, Канада Қазақстанның екі Америка мемлекеттері ішінен аса ірі әріптесі болып табылады. Бұған 2012-2013 жж. $6 млрд. жеткен тауар айналымы туралы деректер нық дәлел.
Мұнай және газ, уран мен ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, білім беру салаларындағы дәстүрлі өзара әрекеттестік тұсында, ҚР-дың Канадамен азаматтық авиация, атап айтқанда, әлемдегі үшінші азаматтық ұшақ өндірушісі және теміржол техникасының ең ірі өндірушісі болып табылатын «Bombardier» компаниясымен өзара ынтымақтастық етудің әлеуеті туып отыр.