10.06.2014
«Хартия түсіністікке негізделген. Осы арқылы барлық тараптар энергетикалық сектордағы ынтымақтастық балансын ұтады. Табиғи ресурстарға бай мемлекеттер энергетикалық ресурстарды қайта өңдеу мен қамтамасыз ету саласына инвестиция тартудың қосымша әдістерін алады», - дейді ол.
Ұ.Қарабалиннің айтуынша, импорттаушы мемлекеттер елге энергетикалық инвестиция қорғанысына қол жеткізеді.
«Энергетикалық Хартияның басты мақсаты – энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық механизмін құратын құжаттарды дайындауға қатысуды талқылау. Қазақстан үшін энергетикалық ресурсты дамыту мен сауда жайы алаңдатпақ», - деді ол.
Сонымен қатар, Қазақстан сотқа дейінгі тәртіптегі жанжалдарды шешу форматындағы медиация бойынша жаңа ерікті ереже механизмін дайындау бастамасын көтеріп отыр.
Өз кезегінде У.Руснак Қазақстан үшін ЕАЭО құру жағдайында өзекті болып табылатын Энергетикалық Хартияны жаңғыртуды іске асыруға қатысу маңыздылығын айтты.
Камила Амирова