10.06.2014
Іс-шара барысында коалициялық әскери құрылысты бұдан әрі жетілдіру, ҰҚШҰ Біріккен штабы қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер әскери ведомстволарының басшылары Мәскеу маңындағы Софринода орналасқан орталық өнеркәсіптік ауданның зымыранға қарсы қорғанысын қамтамасыз ететін Әскери-ғарыштық қорғаныс құрамасына баруды жоспарлап отыр.
ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің делегациялары зымыранға қарсы қорғаныс құрамасына барған кезде Ресей армиясының сапында тұрған әскери-ғарыштық қорғаныстың қазіргі заманғы қару-жарағының және әскери техникасының үлгілерімен танысатын болады.