• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Беларусь  әскери іс-қимыл ынтымақтастығын талқылады 10.06.2014

Тараптар әскери және әскери техникалық ынтымақтастықты бұдан әрі нығайту, Қарулы Күштерді қару-жарақпен және әскери техниканың қазіргі заманғы жүйелерімен қамтамасыз ету, әскери білім беру және кадрлар даярлау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы, сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ҰҚШҰ консультативтік қызметтерін іске асырудағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы болып табылады

 


Back to the list