10.06.2014
Конгрестің басты тақырыбы - «Жаңғырту - әлемдік нарық тұрақсыздығы жағдайында тау-кен метталургия кешенін дамытудың негізгі факторы». Іс-шараны ұйымдастырушы - ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті.
Форумның жұмысына салалық министрліктер, ірі өндірістік және ұлттық компаниялардың, инвестициялық қорлардың, банктердің, ғылыми зертеу институттарының, салалық қауымдастықтардың, қаржы ұйымдары мен талдамалық агенттіктердің басшылары қатысады.
Конгрестің бас демеушісі мыс, бағалы металл мен қорғасынның үлкен көлемін қосымша шығаратын ірі ықпалдасқан қазақстандық мырыш өндіруші «Қазмырыш» компаниясы болып отыр.