10.06.2014
Осы оқу орындарында білім алуға кандидаттарды іріктеу сынынан өткен Абылай Оразхановқа, Балауса Камеледеноваға, Данияр Иманқұловқа сертификаттарды АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Ордвей табыс етті, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Америкалық дипломат АҚШ Қарулы күштерінің жоғары оқу орындарында алынған білім Қазақстан армиясында табысты қолданылатындығына сенім білдірді.
Қазақстандықтар ҚР Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қарулы күштері арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықтың бесжылдық жоспары шеңберінде оқиды. Шет елде білім алған әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштерінің бөлімдері мен құрамаларында қызметтерін жалғастыратын болады.