08.06.2014
Украинаға сапары аясында Кәрім Мәсімов сондай-ақ бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Украинаның Премьер-Министрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында қазақстандық-украиндық қарым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Еуропалық Кеңес төрағасы Херман Ван Ромпёймен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері қаралды.