05.06.2014
Мемлекет басшылары кездесу барысында қазақстандық-түркиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері ортаға салды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүль «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының бірқатар бағыты бойынша қарым-қатынасты кеңейту аспектілерін қарастырды.
Қазақстан Президенті Түркия біздің елдің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық және білім беру саласының одан әрі дамуын ерекше назарға алды.
Нұрсұлтан Назарбаев екі елде білім алып жатқан жастар санының көбеюі ынтымақтастық қарқынына оң әсер беретіндігін атап өтті.