04.06.2014
А.Дауылбаев венгерлік әріптестеріне қонақжайлықтары үшін алғысын білдіре отырып, қылмыстық-құқықтық саладағы Қазақстан мен Венгрияның ынтымақтастығында қылмыстылыққа халықаралық тосқауыл қою саласындағы басты мәселелер бойынша ортақ мүдделердің көп екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры атап өткендей, қазақстандық құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмыспен күресудегі шетелдік әріптестерімен күш-жігерін біріктіру Қазақстан Бас прокуратурасы жұмысының басым бағыты болып табылады, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
А.Дауылбаев еуропалық елдермен осы сияқты шарттарды жасасу еуропалық мемлекеттер тарапынан Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімінің артуының, біздің мемлекетіміздегі адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы кепілдемені қамтамасыз етудің жалпыға бірдей халықаралық стандартына жауап беретін тетіктердің құрылуының дәлелі екендігін ерекше атап өтті.