• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алтай өңіріне ШҚО атынан әлеуметтік көмек жіберіледі 03.06.2014

Киім-кешек, аяқ киім, балалардың киімі, жеке гигиеналық заттар мен төсек жабдықтарын арнайы бөлімдер қабылдауда. Оның үстіне кәсіпкерлермен бірлесіп қаржы  мен азық түлік өнімдерін жинастыру жұмыстары да жүргізілуде. Мәселен, Бородулихинск ауданы көрпе, жастық пен төсек жабдықтарын жинастырып үлгерген.

Сонымен қатар, жақында ғана ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев  Алтай өңірінің губернаторы Александр  Карлинге көңіл айтып арнайы хат жіберді және облыстың атынан арнайы әлеуметтік көмек жөнелтілетінін жеткізген.

«ШҚО тұрғындары және жеке өзімнін атымнан адамдардың қаза табуына орай көңіл білдіремін. ШҚО өзінің көршісі және досына қол ұшын созуға дайын. Сіздерге әлеуметтік көмек ретінде арнайы керуенді жібердік», - делінген хатта.


Back to the list