• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенатор С.Енсегенов Дүниежүзілік түрік форумына қатысты 02.06.2014

Шараға әлемнің 60  мемлекетінен келген 140 делегат қатысты. Он бір секциядан тұратын отырыста мәдениет, дипломатия және туризм салаларына қатысты мәселелер қаралды.

Сенатор С.Енсегенов түркі ұлттарының түп-тамыры жайлы айтып берді. Сонымен қатар, ғасырлар бойғы тарих жалпыға ортақ бай мәдени құндылықтарды қалдырды, деп атап өтті.

"Мәдениетаралық диалог қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынасты реттейтін және болашақты құруда маңызды саяси құрал болып табылады», - деді депутат.

Форум барысында делегаттар түркі мемлекеттердің арасында мәдени және туристік байланыстарды нығайтады,  деп сенім білдірді.

Бұдан басқа, халықаралық форум шеңберінде бірқатар мәдени шаралар өткізілді. Мәселен, «Kizil Elma» салтанатты рәсімінде дипломатия, бизнес, ғылым, технология, мәдениет және спорт салаларында жеткен жетістігі үшін бірқатар түркі мемлекеттердің өкілдері марапатталды. Сонымен қатар, сурет өнерінің көрмесі өтті.

Дүниежүзілік түрік форумының қорытындысы бойынша декларация қабылданды. 

 

 


Back to the list