• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан тауарын негізгі сатып алушылар - Италия, Қытай  және Нидерланды 26.05.2014

Осы ретте ТМД елдерімен жалпы сауда айналымы 1,6 млрд. долл. жетті. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 27,4%, оның ішінде экспорт 24,4%-ға, импорт 33,2%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінен хабарлады.

Ал, алыс шет мемлекеттермен сауда айналымы 13,8%-ға артып, 25,3 млрд. долл. көрсетті. Оның ішінде экспорт 18,9%-ға (20,3 млрд. АҚШ долл.) артса,  импорт керісінше 2,7%-ға (5 млрд. АҚШ долл.) төмендеді.

Қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары: Италия (24,2%), Қытай (16,5%), Нидерланды (11,9%), Франция (8,3%), Швейцария (5,6%) және  Австрия (5,1%).

Импорт өнімдерін жеткізушілердің ішінде Қытай 26% көшбасында тұр, сонымен қатар, импорт өнімдерін Германия (8,8%), АҚШ (7,9%), Корея (5,1%), Украина (4,2%) мен Жапонияда (4,2%) жеткізіп тұрады.


Back to the list