23.05.2014
Кеңесте тараптар аймаққа инвестиция тарту мақсатында ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін атап өтті.
«Әзірбайжан Республикасының Қазақстанға салған ивестициялық салымы соңғы 5 жылда 60 млн долларды құрады. Түркия -269 млн долларды әкелді», - деді Б. Сұлтанов.
Қазақстаның ЭЫҰ елдеріне салған инвестициясына келетін болсақ, салым айтарлықтай жоғары көлемге ие.
«Қазақстанның ЭЫҰ елдеріне салған салымы айтарлықтай көлемге ие. Мәселен, Иранға – 8,8 млн доллар, Түрікменстанға – 11 млн доллар, Әзірбайжанға – 25 млн доллар, Тәжікстанға – 51 млн доллар, Өзбекстанға – 95 млн доллар, Қырғызстанға – 260 млн доллар, Түркия – 522 млн доллар», - деді ол.
Айта кетейік, кеңес аясында Астана декларациясы қабылданды, сондай-ақ, ЭЫҰ елдері ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады.
Мадина Нұрбекова