• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әлем орта мерзімдік  экономикалық өсімнің  төмендеуіне  дайын болуы тиіс – Елбасы 23.05.2014

«Әлеуметтік шиеленіс жағдайында экономикалық-әлеуметтік және саяси қақтығыстар жиілеп, нағыз әскери операциялар мен шынайы экономикалық санкциялар енгізуге ұласты. Қазіргі кезде әлем шиеленістердің өршіп кету және әскери күш-қуаттың еселену кезеңіне тап болып отыр. Мұндай жағдайда ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген дүниенің барлығы құрдымға кетуі мүмкін. Біз проблеманы шешуге емес, одан әрі ушығуына алып келетін қақтығыстарға жағдай жасап отырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, Қазақстан  орта мерзімдік перспективада экономикалық өсім біршама төмендейтіндігіне дайын болуы  қажет. Егер де 2000-2007 жылдар аралығында әлемдік экономика орташа көлемде 4 пайыздан жоғары қарқынмен өссе, алдағы жылдары өсім 2,5-3 пайыз деңгейге дейін төмендеуі мүмкін.

«Еуропадағы жағдайдың да жақсармай жатқанын көріп отырмыз. Еуроаймақтағы жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы 2 есеге дейін қысқарды. Сонымен қатар, АҚШ-тың экономкасында да проблемалар туындауда. Зерттеулер көрсеткендей, жалпы ішкі өнім өсімі 0,2 пайзызды ғана құрап отыр», - деді ол.

Елбасы сондай-ақ,  дүниежүзі бойынша 200 млн адам жұмыссыз, 1,5 млрд адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және уақытша жұмысшылар екендігін атап өтті. .

«Бүгінгі күні 1,5 млрд адам күніне бір долларға ғана өмір сүруде, 2,6 млрд адам күніне 2 доллардай ғана табыс табуда. Бұл дүние жүзі тұрғындарының 40 пайызын құрайды.», - деді Н.Назарбаев.

Камила Амирова


Back to the list