21.05.2014
Айта кету керек, екіжақты Келісім аталған мемлекттердегі өнеркәсіп нысаны азаматтарының құқығын тіркеуге байланысты мәселелерді реттейді.
Жалпы, аталмыш құжатқа қол қою Қазақстанның ДСҰ-на ену жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік беріп, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығын қорғау мен сақтау саласындағы Қазақстан-Грузия қатынасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында контрафактілі өнімді таратуға қарсы күрес мәселелері бойынша ІІ Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы өтті.
«Антиконтрафакт» форумы – билік, бизнес, ғылым, өндіруші, авторлар мен контрафактілі өнімге қарсы күрес, зияткерлік меншік нысаны құқығын қорғау мен тауар мен қызметтің өркениетті нырығын құру саласында диалог құруға арналған халықаралық алаң болып табылады.
Камила Амирова
Фото- Азамат Алиев