21.05.2014
«Егер біз әлемдік дағдарысты жаһандық деңгейде қарастыратын болсақ, әрбір елдің бір-біріне әсер ететінін байқаймыз. Өйткені біз өзара тығыз абйланысты әлемде өмір сүріп отырмыз. Сол себепті дамыған елдер де, дамушы елдер де өз мүмкіндіктерін толықтай қолданулары керек», - дейді Гьян Чандра Ачарья.
Оның айтуынша, үкіметтік, корпоративті сектор, азаматтық сектор мен жеке кәсіпкерлік деңгейіндегі әрбір тұлғаның эконмика құрылымын өзгертуге жұмыс істеуі маңызды.
«Біз ұзақмерзімді қаржыландыру көздерін іздестіруіміз қажет. Ондағы мақсат тұрақты өсімді қамтамасыз ету. Бүгінге дейін түрлі өзгерістерді, ауытқуларды көрдік. Алайда осы тұрақсыздықтардың түбі тұрақтылыққа алып баруы үшін жұмыс істеуіміз керек. Тиісінше біз экономикалық өсімнің ортақ үрдісін жоғалтпауымыз қажет», - дейді Гьян Чандра.
Мадина Нұрбекова