• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қаржы министрі   корейлік  әріптесімен  ынтымақтастық  болашағын талқылады 21.05.2014

«Қазақстан Корей Халық Демократиялық Республикасымен ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Ынтымақтастықтың Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен географиялық байланысты нығайтудағы маңызы зор», - дейді Б.Сұлтанов.

«Корей Халық Демократиялық Республикасы делегациясының VII Астана экономикалық форумына қатысуы екі елдің саяси және экономикалық қатынастырын кеңейту мүмкіндіктерін ұсынады», - дейді КХДР қаржы министрі Цой Кван Зин.

Оның айтуынша, КХДР Үкіметі Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен өзара іс-қимылға ерекше көңіл аударады. «Біз екіжақты қатынасты дамытудың институционалдық базасын құру мүмкіндіктерін табамыз деп үміттенеміз», - дейді Цой Кван Зин.


Back to the list