• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана экономикалық форумына 100 мемлекеттен 130-дан аса министр қатысуда 21.05.2014

«100-ден аса мемлекеттен 130-дан астам министр қатысып жатыр. Негізінен олар қаржы-экономикалық блок министрлері. Форумға қатысушылар арасында Малайзия, Ливия, Грузия, Польша, Португалия үкіметтерінің басшылары бар. 70-тен аса іс-шара өткізіледі», - деп мәлімдеді «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Кәрімсақов. 

Бұған қоса, оның айтуынша, биыл VII Астана экономикалық форумның жұмысына Нобель сыйлығының тоғыз лауреаты қатысуда. 

«Олардың ішінде жаңа лауреаттар – бұл Вьютрих, Варшел, Тимошов. Лауреаттардың қатысуы дәстүрге айналған. Ол біздің форумның интеллектуалды, ғылыми сипатын көрсетеді. Ғылыми қауымдастықтың сарапшыларын біріктіретін басты форумдардың бірі екенін растайды», - деп толықтырды Кәрімсақов. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list