• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СІМ-де Бірлескен бақылау тобының кезекті отырысы өтті 16.05.2014

Іс-шара Қазақстан Республикасының төрағалығымен ағымдағы жылдың  12-16 мамыр кезінде Астанада өткізіліп жатқан Бірлескен бақылау тобының (ББТ) 30-шы мерейтойлық сессиясы шеңберінде өтті, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Айта кетейік, Бірлескен бақылау тобы (ББТ) 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында қол қойылған Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы (Шанхай келісімі) және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Мәскеу қаласында қол қойылған Шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы (Мәскеу келісімі) Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс органы болып табылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі атынан сөз сөйлеген СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев аталған келісімдер бірқатар мемлекеттердің шекарасы аумағында өзара сенім мен ынтымақтастық атмосферасын нығайтуға жол ашқан азиялық континенттегі өз түріндегі алғашқы әскери-саяси құжат болып табылады деп атап өтті.

«Уақыт «Шанхайлық бестік» тетігін құруға заңды негіз болған аталған құжаттардың тарихи маңыздылығын дәлелдеді. Бестік болса, өз кезегінде толықтай заңдылық жүзінде көппрофильді ықпалдастықтың беделді халықаралық құрылымы – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына айналды», - деп мәлімдеді ол.

Сессия барысында дипломатиялық және әскери сарапшылар Шанхай және Мәскеу Келісімдерінің ережелерін ББТ-ның 29-шы сессиясынан кейін және алдағы уақытта Тараптармен орындалу мәселелерін талқылап, ағымдағы жылда өзара инспекциялау өткізу мәселелерін келісті. 


Back to the list