15.05.2014
«2013 жылдың 13 қазанында Қазақстанға «ӨСАБ ізбасар мемлекет» жоғары мәртебесі берілді. Осы жетістіктерді қайта бағалау өте қиын. Бұл дегеніңіз барлық мұнай өндіретін компаниялар қоғамның қадалауында және бұл мемлекетіміздің дұрыс жолмен келе жатқанын білдіреді», - деп Н. Сауранбаев атап өтті.
Оның айтуынша, осы мәртебені алғандар ашығырақ болады. Оның үстіне бұл мәртебе барлық әлемдік рейтингтерге әсер етеді.
«Ал, рейтингтердің басқа салалар бойынша жақсаруы оң нәтиже алып келеді. Мемлекеттің имиджі жақсарып, несиелер тәуекелі азаяды. Ал, мұндай мемлекетпен жұмыс істеуге барлығы да даяр. Бұл Ұлттық кеңестің жемісті жұмысының нәтижесі», - деп ол түсіндіріп өтті.
Айта кетерлік жайт, бүгінде 39 мемлекет ӨСАБ ендіріп отыр, ал олардың тек 27 ізбасар мемлекет мәртебесі берілген. Атап айтатын болсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Пәкістан, Албания, сонымен қатар африка құрлығынан Замбия, Мозамбик, Нигерия, Камерун, Гана, Конго, Либерия мен Латын Америкадан Перу және Гватемала бар.
Ал, АҚШ, Украина, Индонезия, Гвинея, Гандурас, Соломон аралдарына ашықтық стандартын әлі дәлелдеу керек.
Айта кетерлік жайт, Франция, Германия, Ұлыбритания мемлекеттері ӨСАБ-қа енгісі келетіні жайлы өз ниеттерін білдірді.
Мадина Нұрбекова