15.05.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, 14 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және уәкілетті елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастық мәселесі, Маңғыстау облысының аймақаралық серіктестіктегінің рөлі талқыланды.
«Менің іс-сапарымның мақсаты Маңғыстау туралы пікірімді жаңарту. Аймақ басшысымен жеке танысып, аймақаралық серіктестік мәселесін кеңейту туралы келіссөз жүргізу болып табылады. Маңғыстау облысына ресейлік іскерлер үшін үлкен қызығушылық танытуда. Әрине, бұл қызығушылық аймақтың экономикалық дамуымен, көлік инфрақұрылымының құрылысымен және мұнай өндірудің артуымен байланысты», - деп Михаил Бочарников ағынан жарылды.