• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Елшісі ОАР Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.05.2014

Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің басшысы Дж.Зуманы, оның басқарып отырған партиясының – Африка Ұлттық Конгресінің – жақында өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтай отырып, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан аса жылы тілектерін жеткізді, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

 Т. Қалиев Оңтүстік Африкада қазақстандық бірінші елшілігінің Претория қаласында ашылуы, Қазақстанның осы аймақпен ынтымақтастықты дамытуға зор маңыздылықпен қарайтынының белгісі деп атап өтті.

Дж. Зума өз кезегінде Қазақстанмен көпжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге және оның аясын кеңейтуіне ерекше мән беретінін хабарлады.

Оңтүстік Африка Президенті екі жақты ынтымақтастықта пайдалы қазбаларды өндіру мен энергетика, соның ішінде жасыл технологияларды дамыту салаларына ерекше назар аударды.


Back to the list