• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 3 мың  делегат қатысады (Брифинг бейнебаяны) 14.05.2014

«Биыл VII АЭФ аясында шамамен 70-тей ірі шара ұйымдастырылады. Оған 100 шақты ұйымдастырушылар қатысады. Соның ішінде биыл БҰҰ Сауданы дамыту конференциясы белсенді ат салыспақ. Осынау беделді ұйымның 50 жылдығына арналған ірі шаралар ұйымдастырылып, Давос экономикалық форумы, Халықаралық сауда орталығы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық миграция ұйымының өз шаралары да өтеді», - дейді жоғарғы палата өкілі.

С.Нөгербековтың айтуынша, форум аясындағы айтарлықтай үлкен шара ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету мен насихаттау бойынша ұйымдастырылмақ.

 «Шара аясында ілгерілету бойынша бірнеше секция өтеді. Аталмыш жұмыстарға шетелдік әріптестер, сарапшылар, тәжірибешілер қатысады. VII Астана экономикалық форумы жұмысына 10 мыңнан астам адам қатысады. Қазіргі таңда 10 мыңдай адам тіркелген болса, соның ішінде 3 мыңдайы шетелдік қатысушылар. Олар әлемнің 150 елінен тіркелген. Бұл біз үшін «ЭКСПО-2017» мега жобасын насихаттау мен ілгерілету үшін таптырмас мүмкіндік», - дейді сенатор.

Оның айтуынша, Жібек жолының дамуына арналған ірі шаралар секциялары жоспарланған. 

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы әлемнің ең ірі халықаралық форумдарының бірі болып табылады. 2008 жылдан бастап АЭФ қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік қарсылықтарымен күресу бойынша шешімдер іздестіру үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинайды.21-23 мамыры) өткізілу орны - Қазақстан елордасының Сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықта орналасқан «Тәуелсіздік сарайы» және «Бейбітшілік және Келісім сарайы».

Камила Амирова


Back to the list