13.05.2014
«Жыл басынан бері ҚХР жиынтық инвестициясының көлемі 20 млрд. доллардан асты. Олардың 5,68 млрд. долл. тікелей АҚШ инвестициясы. Жалпы, екі жақты жұмыстың нәтижесінде 2013 жылы екіжақты сауда-саттық 22,5 млрд. долл. құрады. Оның ішінде 14,3 млрд. долл. қазақстанның экспорты, ал, 8,1 млрд. долл. импорт. ҚР оң сальдосы 6,2 млрд. долл. тең. 2014 жылдың қаңтар-ақпан айралында екі жақты сауда-саттық көлемі 3,56 млрд. долл. көрсетті », - деді Б.Сағынтаев.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары сонымен қатар ҚХР-мен бірлесіп іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты.
«Самұрық-Қазына» АҚ кестесімен «Инвестициялық карта» аясында барлығы 22 жоба іске асырылуда. Соның ішінде мұнай-газ секторында 11 жоба болса, оның 1 жобасы аяқталып, тағы 10 жоба жүзеге асырылуда. Мұнай-химия секторында 1 жоба, энергетикалық секторда 6 жоба, тау-кен металлургиясында 2 жоба қарастырылған», - дейді ол.
Сонымен қатар, тағы екі жоба жоспарланған: «Ырғыз-Шалқар-Бейнеу» учаскісін қалпына келтіру» мен «Үлкен Алматы айналым автожолы».
«Жоғарыда аталған бірлескен жобаларды іске асыру шетелдік капиталды тартудың маңызды бөлігі болып табылады», - дейді Б.Сағынтаев.
Айта кету керек, биылғы жылдың 19-21 мамырында Мемлекет басшысының ҚХР-на Мемлекеттік сапары мен Шанхайдағы АӨСШК-нің IV саммитіне қатысу жоспарланған. ҚХР-на сапары барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.
Камила Амирова