• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Ливан парламентаралық ынтымақтастықты  дамытуды көздеуде - СІМ 12.05.2014

Кездесу барысында Қазақстан мен Ливан екіжақты қатынастарын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі байланыстарды дамыту маңыздылығына назар аударылды, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Парламентаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өте келіп, екі елдің жоғарғы заң шығару органдары арасында сындарлы үнқатысуды қалыптастыру жайында айтылды. Сондай-ақ, Елшілік әзірлеген соңғы жиырма жылдағы екіжақты ынтымақтастықтың даму жолын баяндайтын «Қазақстан-Ливан қатынастары: 20 жылдық табысты серіктестік» атты кітабын сыйға тартылды.

Бұған қоса Б.Сәрсенбаев еліміздің ішкі және сыртқы саясатын кемелдендіруде Елбасының стратегиялық жоспарларына қатысты имидждік құжаттар төңірегінде әңгімелей отырып, Қазақстанның халықаралық бастамаларына ливан тарапының ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқанына алғыс білдірді.

Ф.Синиорамен болған кездесу барысында аталған тұлға жуық арада өтетін VII Астана экономикалық форумына (АЭФ) және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы ІІ-ші конференциясына қатысатынын растады.
 

 


Back to the list