11.05.2014
Этно-ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға келген Санкт-Петербург қаласының тұрғындары қазақ қолөнершілерінен шеберлік сағаттарын көріп, қатыса алады, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.
Ол үшін арнайы «Қазақ ауылы» экспозициясы құрылады. Ши, басқұр тоқуға, сырмақ сырып, кесте тігуге ниеттілер осы алаңда өздерінің қызығушылығын тудырған дүниелермен танысады. Қамшы өріп, кілем тоқып, жіп иіріп қазақ халқының дара болмысын терең ұғады.
Бұдан басқа салт-дәстүріміз бен ырым-нанымдарымыз да көрсетіледі. Бұндай іс-шараны ұлттық болмыстағы ән-бисіз елестету мүмкін емес. «Astana ballet» би ұжымы, «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.