• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жеңіс күніне орай Өскемен мен Барнауыл арасында телекөпір өтті 07.05.2014

Кездесуге ШҚО мен Алтай өңірінің ардагерлері келді, деп  ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.

Телекөпірдің «Ортақ соғыс-ортақ жеңіс» аталуы тегін емес. Телекөпірге қатысушылар фашизмге қарсы күресте түрлі ұлт өкілдерінің тізе қосып, иық тірісе күш біріктергенін айтты. Майдангер қариялар өмірінің ең ауыр кезеңі - сұрапыл соғыс жылдарын естеріне алды. Өрімдей жас шақтарында майданда қан кешіп, Ұлы Жеңіске жеткен шақтарын ой елегінен өткізді.

Кездесуде екі аймақтың басшылары барлық тұрғындар атынан ардагерлерге алғыс білдірді.

«Барлық ел-жұрт бірігіп, алдыға ортақ мақсат қоятын болса - жеңіске жетеді. Сіздер бүкіл әлемге патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін таныттыңыздар. Біз, бүгінгі ұрпақ өкілдері Сіздерге тағзым етіп, алғыс білдіреміз»,-деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Тарихта тұңғыш рет орын алып отырған екі аймақ арасындағы бұл  телекөпір, көршілес екі мемлекет пен тағдырлас халықтардың тарихи және рухани байланысының мызғымастығының бір дәлелі болды.


Back to the list