06.05.2014
АЭФ мен ДҚДК әлемдік экономиканың заманауи мәселелері мен жаһандық қауіптерге қарсы тұру бойынша ұсыныстарды өңдеуге арналған. Биылғы форумның негізгі тақырыбы: «G-Global форматында жаңғыру заманындағы қауіп-қатерлерді басқару».
Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Тұжырымдамасы - БҰҰ-на мүше мемлекеттердің демократиялық ұстанымдары мен қызығушылықтарына негізделген және жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ұзақмерзімдік салдарларының алдын алу үшін, болашақ құлдырауларға жол бермеу және әлемдік экономиканы ұзақмерзімді теңдестірілген экономикалық өсіммен қамтамасыз етуге қажетті тиімді шешімдерді дайындауға бағытталған құжат.
Айта кетейік, 2014 жылдың 21-23 мамыр күндері Елордада VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) мен ІІ Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференция (ДҚДК) өткізіледі. АЭФ-тің өзге форумдардан ерекшелігі – мұнда барлық шаралар әлеуметтік-экономикалық және қаржы мәселелеріне негізделіп өткізіледі.
Форумның бағдарламасы 100–ден астам тең-ұйымдастырушылардың, оның ішінде 50-ден астам халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы шетелдік елшіліктердің және ҮЕҰ-дың, ҚР-ның 20 іскери ұйымы мен ұлттық компанияларының, 15 ғылыми зерттеу институтының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 15 мемлекеттік органының қатысуымен жалпы 70 шарадан тұрады.