• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Е.Ыдырысов: Біз Астанада ОШАМҚ Комитетінің ашылуын қолдаймыз 06.05.2014

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ОШАМҚ арасындағы өзара ынтымақтастықтың болашағы мен қазіргі жағдайын талқыға салды, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

ҚР СІМ басшысы Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерімен экономикалық қарым-қатынасты белсендендіру біздің еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады деп атап өтті.

«Бұл аймақ Азиялық интеграция орталығына айналды. Ассоциация мемлекеттері арасындағы интеграциялық үдерістің қарқынды дамуының арқасында ОШАМҚ аймақтық көпжақты ынтымақтастықтың негізгі құрылымына айналып, Азиялық-тынықмұхит аймағында өзара ықпалдасу механизмінде маңызды рөлге ие болуда», - деп атап өтті ол.

Е.Ыдырысов Ұйымның мүше мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдете түсу мақсатында өткен жылдың қараша айында Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі А.Оразбай ОШАМҚ жанындағы тұрақты өкіл ретінде тағайындалғанын хабарлады. Ол сонымен қатар Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту үшін ОШАМҚ тәжірибесі мен механизмін қолдану Қазақстан үшін қызығушылық туғызатынын айтты.

Өз кезектерінде, шетелдік Елшілер ҚР сыртқы саяси ведомство басшысын Астанада ОШАМҚ Комитетінің ашылуын ресми түрде хабарлады. Ол Ассоциацияға мүше болып табылмайтын елдермен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. «Біз Комитеттің ашылуын қолдаймыз және ол Ассоциацияның идеяларын алға тартуға арналған тиімді құралға айналады деп сенеміз»,- деді СІМ басшысы.

Сондай-ақ, тараптар АӨСШК мен ОШАМҚ арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыға салды.

 


Back to the list