05.05.2014
«Мен Азия даму банкі басқарушылары кеңесінің 47-інші жыл сайынғы отырысын жақсы өткізгені үшін Қазақстанға алғыс айтамын. Сіздердің елдеріңізге осы шара үшін 3,5 мың адам келді. Сол себепті сіздерде елдің және жалпы Орта Азияның гүлденуі мен дамуы жолындағы жетістіктеріңізді көрсететін үлкен мүмкіндік болды. Мен осы шараның сәтті және өз деңгейінде өткені үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар, мен сіздердің көрсеткен концерттік бағдарлама мен тағамдарыңызды ерекше атап өтер едім», - деді Т.Накао.
Естеріңізге сала кетейік, АДБ басқарушылары кеңесінің жыл сайынғы 47-інші отрысы Астанада 2-5 мамыр аралығында өткен болатын. Ендігі 48-інші отырыс Баку қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Қазақстанның АДБ арасындағы әріптестік барлық бағыттар бойынша қалыптасқан: транспорт секторы, энергетика, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жеке секторды дамыту. Қазақстан осы орайда қайтарымсыз банктен несие алатын мемлекет деңгейінен көтеріліп, ендігі кезекте дамушы елдерге көмек қолын созуға мүдделі. 2013 жылы АДБ арасындағы әріптестік аясында Қазақстан Азия даму қорына донорлық көмек есебінен 5 млн доллар аударды.