• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АДБ мүмкіндіктер кеңістігін кеңейту арқылы дамушы мемлекеттерге қолдау көрсетуін жалғастырады 05.05.2014

«Көптеген елдер әлемдегі тұрақсыздыққа байланысты өздерінің абыржулы екенін ашық айтты. Біз болса осындай жағдайда дұрыс макраэкономикалық басқару жүргізіп, құрылымдық өзгерулер бойынша батыл қадам жасау керек, деп жауап қайтардық. АДБ осы міндеттерді орындау мақсатында мүмкіндіктер кеңістігін кеңейту арқылы қатысушы-дамушы мемлекеттерге қолдау көрсетуін жалғастырады», - деді Т.Накао.

Сонымен қатар, АДБ басқарушылары келелі кеңес барысында аз қамтамсыз етілген тұрғындарға және кедей мемлекеттерге көбірек көңіл бөліп, теңсіздік және гендірлік мәселенін ушығып кеткеніне назар аударды.

«Біз кедейшілікті төмендету мақсатында жұмыстарымызды жалғастырудамыз. Бізде Азияның 20% тұрғыны бар. Олардың бір тәуліктік күн көрісі 1,5 доллардан аспайды. Бұл басымдық ретінде қалуы керек», - деп АДБ басщысы атап өтті.

«Сонымен қатар, климаттың өзгеруі мен табиғи апаттарға ерекше көңіл бөлінді. « Біз осы бағыттағы міндеттерімізді күшейтуді мойнымызға алып, табиғи апаттардан сақтандыруды қосқандағы инновациялық әдістерді іздестіреміз. Тынық мұхиты өңірінің дамушы мемлекеттері үшін табиғи апаттар мен климаттың өзгеруі қазір өте қауіпті болып тұр. Олардың сұрауы  бойынша  біз осы елдердің климаттың өзгеруі бойынша түрлі қорларға деген қолжетімділігін қамтамасыз етіп, жобаларды дайындау арқылы әлеуеттерін арттыратын боламыз», -дейді АДБ президенті.

Естеріңізге сала кетейік, АДБ басқарушылары кеңесінің жыл сайынғы 47-інші отырысы Астанада 2-5 мамыр аралығында өткен болатын. Ендігі 48-інші отырыс Баку қаласында өтеді деп жоспарлануда.


Back to the list