05.05.2014
«Келер жылғы отырыс Бакуде өтеді. Мен Әзірбайжан банкі басқарушыларының төрағасымен кездестім. Онда келер жылғы кездесудің сол кавказ елінде болатыны айтылды. Сонымен қатар, мен 2017 жылы банктің 50 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы отырысты өткізуге талпынып отырған Жапония Үкіметінің де бастамасын қолдаймын. Біз қазіргі таңда мүше мемлекеттеріміздің батыс бөлігіне аса назар аударудамыз», - дейді Такехико Накао.
Азия даму банкінің басшысы банктің бұдан басқа жұмыс жоспарының негізгі он бағытына қысқаша тоқталып, АДБ-нің 47-інші отырысының қорытындысы жайлы сөйледі.
«Біріншіден, біз макроэкономикалық басқаруға қажетті құрылымдық мәселелерді қарастырдық. Екінші пунктте 2020 Стратегяисының сараптамасы арқасында аталмыш бастамаларды қалай іске асыру қажеттілігі жайлы көптеген басқарушылар пікірталасқа түсті. Біз жұмыс топтарынан тұратын бақылау кеңесін құрдық. Олар мұқтаж мемлекеттерге көмек беру мен сатып алу процесін рационалдауы керек», - дейді ол.
Оның айтуынша, банк кедей мемлекеттердің фокусын қолдауды белсенді түрде жалғастырып келеді. Инклюзивті өсуді ынталандыру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау саласындағы операцияларды кеңейту жоспарланған.
«Төртіншісі – климаттың өзгеруі мен табиғи апаттардың қауіптерін басқару. Біз осы бағыттағы міндеттерімізді күшейтуді мойнымызға алып, табиғи апаттардан сақтандыруды қосқандағы инновациялық әдістерді іздестіреміз», - дейді АДБ президенті.
«Сонымен қатар, бесінші пункт аясында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды қолдау жөніндегі көптеген идеялар бар. Және де мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдері арқылы жеке инвестиция тарту жолдарын қарастырамыз», - дейді Такехико Накао.
Камила Амирова
Фото- Азамат Алиев