05.05.2014
Қазақстанның ЭСКАТО-мен өзара қатынасының маңызды аспектілерінің бірі Орта Азия елдерінің экономикасына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасын іске асыру болып табылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
«Орта Азия елдерінің экономикасына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасын іске асыру үшін айтарлықтай мәнге ие БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы мен ЭСКАТО бірлескен өткен жылғы Алматыдағы кеңсесінің ашылуын таныстырамыз. Қазақстан біздің өңірде транспорттық инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік беретін нақты жобаларды іске асыру бойынша ЭСКАТО-мен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Қазақстан үшін маңызды міндеттеме тұрақты даму болып табылады. Біз «Жасыл өткел» ынтымақтастық жобасын ілгерілетуде ЭСКАТО-мен әріптестік құрамыз», - дейді министр.
Тараптар сонымен қатар жаңартылмалы қуат көздері мәселесіне де тоқталды. Қазақстандық дипломатиялық ведомствоның жетекшісі Ш.Ахтарға Қазақстанда жаңартылмалы қуат көздері бойынша іске асырылып жатқан жұмыстарды таныстырып, ЭСКАТО жаңартылмалы энергия саласына үлес қосуға шақырды.