05.05.2014
Сессияға 40 мүше – мемлекеттерден, 6 байкаушы-елдерден, 6 үлестес мүшелерінен 150-ден астам өкіл қатысты.
Аталған отырыстың барысында төрт жылғы мандатқа (2015-2018 жж.) ХАҚҰ Бас хатшысы ретінде бірауздан Владимир Кувшинов сайланды.
Сонымен қатар ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 21-ші Сессиясы күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі ХАҚҰ Атқарушы Кеңесі құрамының құрылуы болды.
«Сессия барысында Қазақстан Республикасы ХАҚҰ Атқарушы Кеңесінің құрамына кірді.Атқарушы Кеңес шеңберінде бірлескен жұмыс Қазақстан Республикасына мүше-мемлекеттермен әрекеттесудің жаңа сапалы деңгейіне шығуға мүмкіндік беріп, және де азаматтық қорғаныс саласында өзара тиімді ынтымақтастықты бұдан былайғы дамуы үшін негізі болады», - деп ТЖМ-де хабарлады.