• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АДБ 2016 жылға дейін Қазақстанның мемлекеттік секторына 1,6 млрд долларды инвестициялайды 04.05.2014

Айта кету керек, Астанадағы АДБ басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 47-інші отырысының ашылуы барысында Азия даму банкінің президенті Такехико Накао ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен арадағы қаржыландыру туралы жаңа келісімге қол қойды.

«Осы келісімнің аясында Президент тарапынан таяуда ғана жарияланған бағдарлама бойынша қаржыландыру қарастырылуда. Осы бағдарламаға сай, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл қаражат шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шарасын реформалауға, өндірістік және индустриялды даму мен банктік секторды реформалауға бөлінеді», - дейді Клаус Герхауссер.

Оның айтуынша, Азия даму банкі Қазақстан Үкіметінің экономиканы әртараптандыру, инклюзивті өсу мен тұрақты дамуға көңіл бөлу бойынша күн тәртібіндегі жұмыстарын қос қолдап қолдайды. 

Клаус Герхауссер банкті қаржыландыру жұмысының механизміне тоқталды.

Қазақстан Үкіметі мен Азия багкінің ынтымақтастығы әр түрлі жобаларды дайындауда. Бұл жобалар өзіндік  бюджет пен көлемге ие. Бюджет Азия даму банкі  жобаның жартысын қаржыландырса, ҚР Үкіметі қалғанын қаржыландырады.

Қазіргі таңда мемлекеттік секторға бөлінген қаржы 1,6 млрд теңгені құрайды. Бұл 2016 жылға дейін бөлінген серіктестік жағындағы сома. Бұл жылына 310 млн доллар. Оған қоса бізде жеке секторды қаржыландырудың әр түрлі инструменттері бар. Біздің қаржы мен ұлттық қордан бөлінген қаражат жобаларды жүзеге асыруға бағытталады», - деді Мэтью Уестфол.

 

 


Back to the list