• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Сұлтанов ҚХР Қаржы министрі Лоу Цзивэймен кездесті 04.05.2014

Тараптар мемлекеттердің екіжақты ынтымақтастығын талқылады. «Қытай Халық Республикасы Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады», - дейді Бақыт Сұлтанов екі елдің арасындағы сауда айналымының соңғы он жылда 15 есеге артқанын айта келіп.  

Сонымен қатар,  Азия Даму Банкі де тақырыпқа тұздық болды. Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, банктің арқасында көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз бар.

ҚХР Қаржы министрі Лоу Цзивэй өз кезегінде  инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция көзі ретінде АДБ рөлін ерекше атап өтті. «Әлемдегі күрделі экономикалық ахуал жайлаған кезінде инвестицияның жаһандық деңгейде өсіміне қажеттілік туындатады», - дейді ол.

Кездесу барысында тараптар инфрақұрылымдық жобалардағы Азия Банкін құру болашағы жайлы пікірлерімен бөлісті.  Қытай тарабы ҚР Қаржы министріне ИЖАБ-не қатысуы туралы түрлі мемлекеттермен келіссөздер жасалып жатқанын айтты.  

Сөз соңында Б.Сұлтанов  қытайлық әріптесін  биылғы жылдың 21-24 мамырында Астанада өтетін VII Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды. 


Back to the list