04.05.2014
Келісім дамыту саласында серіктестікке жаңа рең береді.
Жақында ғана Елбасы индустриалды саясат пен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін Ұлттық қордан 1 трлн. теңге көлемінде қаржы бөлуді тапсырған болатын. Аталмыш қомақты қаржының бір бөлігі келісім аясында ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесіп қаржыландыруға жіберілетін болады.
Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім шеңберінде АДБ үкіметке даму бағдарламасын қаражатты рационалды бөлу бойынша жүзеге асыруға көмектеседі.
«Бұл келісім экономиканы әртараптандыру, тұрақты даму және инклюзивті өсімге негізделген Қазақстан мен АДБ 20 жылдық серіктестігінің арқасында құрылды. Біз серіктестігіміздің одан әрі тың серпіліспен дамуын күтеміз», - деді Т. Накао.
Айта кетерлік жайт, бүгінде АДБ Қазақстанда дамудың негізгі құралы болып табылады. Ол 1994 жылдан бері барлығы 3, 2 млрд долл. құрайтын мемлекеттік секторға 25 қарыз берілді. Сонымен қатар,68 жобаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін 31 млн долл., жеке сектордың 6 жобасы бойынша 455 млн. долл. қарызға берілді.